Сома

lat: Soma

көп клеткалы организмдердің клеткалар жиынтығы. Жыныс жəне соматикалық клеткалардың бірбіріне қарама-қарсы тұруы XIXXX ғ. ашылған А. Вейсманның ұрық плазмасы теориясымен байланысты. Бұл теория бойынша «тұқым қуалаушылық зат» ұрықтық плазма тек жыныс клеткаларында кездеседі, ал қалған клеткалары ұрықтық плазманың көп бөлігінен айырылған. Осыдан кейін Вейсман бойынша соматикалық жəне жыныс клеткаларының өзара айырмашылықтары байқалады. Əрі жыныстық, əрі клеткалар ретінде гендер жиынтығы бар екендігі белгілі, бірақ соматикалық клеткаларда гендер екі аллельмен көрінеді жəне бұл жағдай екеуіне қарамақарсы бола алмайды. Бірақ «Сома» термині «соматикалық клеткалар» терминінің қолданылуынан кеңінен таралған. Эукариотты микрооганизмдерде соматикалық клеткалар вегетативті клеткаларға ұқсас.