«КӨЛЕҢКЕДЕГІ КАБИНЕТ»

lat: «KÓLEŃKEDEGİ KABINET»

(ағыл. shadow cabinat) Ұлыбританияның басты оппозициялық партиясының парламенттік комитеті. Елдің конституциясына байланысты парламенттік сайлауда көп дауыс алған партияның басшысы үкімет құрады. Ал дауыс бойынша екінші орындағы партия парламентте «Ұлы мəртебелінің ресми оппозициясы» болады. Оппозициядағы партияның парламенттік фракциясы мүшелерінен «Көлеңкедегі кабинет» құрылады.