ТҮСІНІК

lat: TÚSİNİK

мемлекеттің халықаралық шартқа қол қоярда, оны қабылдарда немесе бекітерде жасайтын, сол шартқа қосыларда мəлімдейтін өзіне байланысты біржақты ресми ескертпесі. Осы арқылы мемлекет өзіне байланысты қолданымда шарттың кейбір қағидаларын алып тастау немесе заңдық əсерін өзгерту туралы өз ойын білдіреді.