ШЕЖІРЕ

lat: SHEJİRE

(ар. шәджара شجرة)   

1. Ағаш.

Кетпейді таңдайымнан ләззаты, Расулдың шежіресінен татсам жеміс («Қисса хазіреті Айшаның тұһматы». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).

2. Ауысп. Шежіре, арғы ата-текті тарқатып көрсету.

Дін турада һәм шежіре, солардың көбінен Абулғазы хан жазған Хиуа түрікмендерінің шежіресі таңсық (Дала уалаятының газеті. 1890).

3. Ауысп. Тарихи жазба.

4. Ауысп. Ділмар, көпті көрген, көп білетін.