Концессия

lat: Konsesıa

(Concession) күн тәртібіндегі даулы мәселеде қарсы тарапқа (мысалы, бақталасқа, болашақ одақтасқа) жеңілдік жасау, қақтығысты болдырмау мақсатында басқа елдің пайдасына өз ұстанымынан шегіну, сондай-ақ қарсы тараптың талаптарына ішінара немесе толықтай көну.

Экономикалық байланыстарда бұл термин өз алдына бөлек шарт түрін білдіреді (мемлекет пен отандық не шетелдік заңды тұлғалар арасындағы шарт). Кітап мәтінінде жиі қолданылған бұл термин кейбір тұстарда мағынасына, сипаттамасына сай тәржімеленбей, сол «концессия» («концессия жасау») деген ықшам түрінде қолданылған.