Меморандум

lat: Memorandým

(Memorandum) дипломаттардың өз үкіметіне жолдайтын ақпараттық және сараптамалық сипаттағы қызметтік жазбасы. Халықаралық жағдайға, екіжақты байланыстардың маңызды мәселелеріне қатысты есте сақтау жазбасы немесе жадынамалық жазба. Кітапта бұл термин екі мемлекеттің қол қойған «түсіністік меморандумы» мағынасында қолданылмаған.