Қатар

lat: Qatar

1. Екі қатарлы сапта біреуі екіншісінің ту сыртында тұрған екі ескери қызметші. Егер бірінші қатардағы әскери қызметшінің ту сыртында екінші қатардың әскери кызметшісі тұрмаса, онда мұндай қатар толық емес деп аталады. Екі қатарлы caп кері бұрылған кезде толық қатардағы әскери қызметші алдыңғы қатарға ауысады. 2. Белгіленген бір сызық бойына әскери қызметшілердің біреуі екіншісшің қасында орналасқан caп.