Басымдық

lat: Basymdyq

(dominant) формализм мен лингвистикалық әдебиет сынының белгілі бір көркемдік құрал не техниканың әдеби шығармаға басымдықпен кірігетінін білдіретін термині. М.Бахтин Достоевскийде авторитарлы бір әуездің үстемдігіне ырық бермейтін көп әуезділік (полифония) басым болып келетінін айтады.