Гейз

lat: Geız

(gaze). Кино теориясында бұл гетеросексуал әйелдің гетеросексуал ер қалауының скопофилиялық (бақылауды ұнататын) объектісі саналатынын сипаттайды. Гетеросексуал әйел гетеросексуал ер үшін бала кезіндегі анасына ұмтылу ниетінің, кастрацияға парапар үрейдің қарымтасын толтыратын фетишке айналады. Скопофилия гетеросексуалды ерлердің кастрация ықтималдығынан «бас тартуына», яғни сексуалды күш сезімін жоғалтуды болдырмауына мүмкіндік береді. Оның анасына деген қалауы фетишке орын береді, бұл анасының ойсыраған орнын толтырады да, осы фетиш экрандағы гетеросексуалды әйел бейнесі болады.