Куир

lat: Kýır

(queer) бастапқыда, 1980 жылдары куир сөзін көпшілікке кеңінен таныс гейлерден ажырату үшін қолданды. Ал қазір куир (queer) ұғымын гендерлік «сұр түстің түрлі реңктеріне» ( gray-scale variety ) қатысты қолданады. Куир деп гетеронормативтік әлемге жат көрінетін, ал олардың өздері гетеронормативтік өмір салтына күмәнмен қарайтын топты айтамыз. Яғни сексуалды тәжірибенің құбылмалы сипаты мен гендерлік даралыққа қатысты олардың ұстанымы өзгеше. Куир теориясының негізгі идеясы мынандай куир азшылықтың жақтаушы мүшесі емес. Бұған қоса, куир критицизмінің бір жобасы гетеросексуалды мәдениеттің олар үшін теріс саналатын гетеронормативтігін мансұқтау. Ал әдебиеттегі куир критицизмі дегеніміз барша әдеби мәтінде жасырын жатқан (барлық адамдар ойында да дәл солай) гетеросексуалды емес сексуалды және гендерлік болуы мүмкін сипаттарды ашу. Психологиялық зерттеулер көрсеткендей, кейбір адамдар белгілі бір деңгейге дейін куир және гетеросексуалды қалауға қайшы келетін құштарлықты сезінеді. Дивергенцияны (алшақтықты) шектейтін репродуктивті нормаларды сақтауды қамтамасыз ететін мәдени заңдарды ұстанбаған кезде, гендерлік пен сексуалдық бұдан да еркін әрі әртүрлі, көптүрлі және полисипатты болуы мүмкін. Қоршаған табиғат әлемінде гетеросексуалды репродукция азшылықтың формасы. Белгілі бір деңгейде, куир биологиялық норма, ал репродуктивті гетеросексуалдық, керісінше, аберрация (ауытқу).