ЫСЫРАП

lat: YSYRAP

(ар. исраф اسراف) шығын, рәсуа.

Бар насихат сіздерге кімдер айтқан? Малыңды ысырап қылып жүрермісің? («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).

Қағаз ысырап болмаса, еңбек зая, Он бесінші августа жазып болдық («Қисса Зейнеп пен Заидтың уақиғасы». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық).

Ысырап қылып көшеге малың шашып, Бейшара, қандай ниет ойлап жүрсің? («Қағира мен Таймұс». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).