БӘЙБІШЕ

lat: BÁIBİSHE

1. Көп әйелді адамның ең алғашқы үлкен жамағаты, зайыбы. Түркі тектес халықтардың тұрмыс-салтында, семьялық дәстүрінде қалыптасқан жұбай лауазымы. Бай, бише деген екі сөздің бірігуінен шыққан: бай - күйеу, семьяның басы, үлкені; бише - оның жұбайы, жан күйер ақылшысы, үй ішінің әміршісі деген ұғымды білдіреді. Әдетте ерлердің алғашқы әйелдері, яғни үлкен әйелі «бәйбіше» делінеді. Жасы егде тартқан, ел анасы болған ақылды, беделді әйелдерді де құрметпен «бәйбіше» деп атаған. 2. Жасы үлкен, егде тартқан әйелдерге айтылатын құрмет, ізет сөз.