НАҒАШЫ

lat: NAǴASHY

Балаларына шешесі жағынан туысы. Шешесінің төркіні оның балаларына «нағашы» болады. Қазақтар ер жігіттің үш жұрты - өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты болады деп есептеген. Әже төркіні немересіне түп нағашы делінеді. Жиендер «нағашыларын» қатты құрметтей отырып, «жиенқұрық» талап ете алған. «Нағашы» жиен қалауын орындап, кей жағдайда оны үйлендіріп, енші бөліп беретін болған.