НЕМЕРЕ

lat: NEMERE

Ата-ананың ұлынан туған баласы; атадан санағандағы үшінші, ұрпақ. Ағайынды кісінің балалары бір-біріне «немере» болып саналады. Олар туыстық жақындығы жағынан «немере аға», «немере іні», «немере апа», «немере қарындас» болып аталады.