«АЗАТТЫҚ» РАДИОСЫ

lat: «AZATTYQ» RADIOSY

1950 ж. Мюнхен қаласында Халықаралық болыневизмнен құтқару қоғамы құрған «Бостандық» радиостанциясының ізбасары. 1953 жылға шейін хабарлар тек орыс тілінде таратылып келді. Осы жылы ғана «Азаттық» деп аталып, Кеңес одағының құрамына кірген барлық республикалардың тілдерінде хабар жүргізе бастады. Ең алғашқы қазақ тіліндегі хабар 1953 жылдың 18 наурызында эфирге шықты. Хабарларды біртұтас Түркістан редакциясы (Бас редакторы Асан Қайғы (Мәулікеш Қайболды), орынбасары Велли Зуннун даярлады. Бұл редакция қазақ, қырғыз, тәжік, түркімен, өзбек тілдерінде хабарлар жүргізген. 1967 ж. Түркістан редакциясы «Оңтүстік Түркістан» және «Солтүстік Түркістан» деп екіге бөлінді. «Солтүстік Түркістан» редакциясы қазақ, қырғыз, ұйғыр тілдерінде хабар таратқан. 1968 ж. Түркістан редакциясында өзгерістер жүргізіліп, «Түркістан-1», «Түркістан-2», «Түркістан-3» болып үшке бөлінді. «Түркістан-3» редакциясы қазақ тіліндегі хабарларды таратты, басқарушылары Тағыберлі және Жәкен Бапышұлы деген азаматтар болды. 1975 ж. бұл редакциялар жеке-жеке бөлініп шықты да, қазақ редакциясын Ж. Бапыш басқарды. 1988-1995 жж. аралығында редакцияға Хасен Оралтай басшылық жасады, қазақстандық бөліміне Қиял Сабдалин жетекшілік етті. Тәуелсіздік туын желбіретуге ұлттық рухта үн қосқан бірден-бір радио болды.