«АТАМЕКЕН» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ОДАҒЫ

lat: «ATAMEKEN» JALPYULTTYQ ODAǴY

2005 ж. 24 наурызда Астана қаласында болған Қазақстан кәсіпкерлері Конгресінде Қазақстанның «Атамекен» кәсіпкерлер және жұмыс берушілер жалпыұлттық одағын құру туралы шешім қабылданды. Одақтың құрылтайшылары мен мүшелері Қазақстанның жетекші салалық кәсіпкерлер қауымдастығы болды. «Атамекен» Одағы 2005 жылғы 25 сәуірде ресми тіркелді. Жалпыұлттық одақты құрудың негізгі мақсаты отандық бизнестің күрделі мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік билік органдарымен өзара қарым-қатынас жасау, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын әзірлеу, үйлестіру және жүзеге асыруға ықпал жасау. Одақтың құрамына әртүрлі экономикалық салалар бойынша құрылған кәсіпкерліктердің қауымдастықтары кіреді.