БАСТАМА

lat: BASTAMA

[лат. initiare бастау] тікелей демократияның құралы, заңмен белгіленген қатысушылар санымен немесе көтерген мәселені (заң жобасына, заңға немесе конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге) дауысқа салуға қажетті қолдар жинаған азаматтар тобының құқы. Көтерілген мәселе бірден каралуға кіріскен жағдайда (дауысқа салуға шешім қабылданса) тікелей немесе мәселе парламентте талқыланып, тек теріс көзқарас тудырған жағдайда ғана дауысқа салынса жаңама болып есептеледі. Бастама демократияның құралы ретінде Швейцарияда және басқа да бірқатар елдерде кеңінен таралды. Бастаманы заң шығарудағы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында қол жинауға және азаматтардың саяси қатысуын жұмылдыруға жеткілікті ресурстары бар партиялар және мүдделер тобы көтереді.