ДІН

lat: DİN

қоғамдық сананың, ерік пен болмыстың ерекше сипаты, түрі. Дін қоғамдық сананың бір түрі ретінде, ұжымдық сену, құдіретті қасиетке, ең алдымен құдайға деген ерекше сеніммен сипатталады. Қоғамдық ерік ретінде, дін, моральдық, құқықтың бөлшектері түрінде, мінез-құлықтың ереже-нормалары түрінде бейнеленеді. Қоғамдық болмыстың формасы ретінде, дін ырым, жоралар мен діни әрекеттердің (намаз оқу, ораза ұстау және т.б.) жүйесі түрінде анықталады. Әлемде танылған, мойындалған үш дін бар: христиан діні, ислам және буддизм. Дін қоғам мен адамның рухани өміріндегі маңызды әрі қажетті феномен. Дін бірнеше аспектілерде қарастырылуы керек: дін адамға, табиғат пен қоғамға деген қатынасында Құдайды бірден-бір жаратушы, шексіз ретінде түсіндіреді. Діннің негізгі қызметі әлеуметтік-өнегелі қызмет атқару, яғни, дін халықтардың жүрегінде бейбітшілік, сүйіспеншілік пен келісімді орнатуға негізделген.