XX ғ. 70-жылдары еуропалық мәдениетті қайта жанғырту идеясын көтерген, Франциядағы зиялы қауым өкілдерінің (А. де Бенц, Ш.Брессаль, П.Виаль, М.Мармен, А.Габор және т.б.) тобы. Олардың басты идеясы қазіргі қоғамның және оның мәдениетінің терең дағдарысының негізгі себебін мәдени құндылықтар жасауға қабілетсіздігі жағынан барлық адамдардың ресми теңдігін мойындаған «ескі оңшылдардан» іздеуінде. «Жаңа оңшылдар» қазіргі қоғамды және оның бесігі Еуропа мәдениетін дағдарыстан аман алып қалудың жолдарын қарастырды. Сондай жолдардың бірі рационалистік философиялық мұрадан, демократиялық дәстүрден бас тартып, христиандыққа дейінгі өмір салтына қайтып оралу, адамдардың табиғи және мәңгі теңсіздігі сипатын негіздеуге талпынды.