БАБ

lat: BAB

(пар. баб باب)   

1. Күтім, күйін келтіру.

Мақсұты үйір қылмақ бірге сақтап, Тамағын мезгілімен берді баптап («Жетім Мәриям». Бабалар сөзі. 22-том. 2005. 100 томдық).

Сейістер ат жаратқан баптап -таптап, Теңгеріп от пен суын өлшеп, шақтап («Талайлы мен Әйім қыз». Бабалар сөзі. 22-том. 2005. 100 томдық).

Сөздің бабын ашу сөздің күйін келтіру, қолайлы сөз айту. Аш , бабын сөздің , дүр Омар, Жөн болса сөзің тыңдалар («Омар Шораяқов».

Бес ғасыр жырлайды. ІІІ том. 1985). Бапкер бабын тапқыш, баптауға шебер адам.

2. Ыңғай, қолай.

Ұрыс майданда Рүстем қуатты, Сахилік бабында хатым һаматлы («Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек». Бабалар сөзі. 47-том. 2008. 100 томдық).