ЛАУАЗЫМ

lat: LAÝAZYM

мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы күштер жүйесінде арнайы құзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі қызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаруды жүктейтін өкілеттілік. Қазақстан Республикасында атқаратын қызметі өте маңызды, құзыреті үлкен лауазымдар Конституцияда бекітілген.