ҚАУІП

lat: QAÝİP

адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке мүліктік (материалдық), физикалық немесе моральдік (рухани) залал келтіру мүмкіндігі. Қауіп шақыру, тәуекелмен, қатермен қатар ұлттық қауіпсіздіктің тәуекел мен қатер арасындағы негізгі ұғымдарының бірі. Орын алуы ықтимал жағымсыз зардаптардың қарқындылығы мен ауқымына орай қауіп мынадай болуы мүмкін: ғаламдық, өңірлік, ұлттық, жергілікті, жеке .