ҚҰНДЫЛЫҚТАР

lat: QUNDYLYQTAR

адамдардың, қоғамның, мемлекеттің мүдделері мен мақсаттарына қызмет ететін, қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын пайдалы нысандар, заттар, құбылыстар. Құндылықтар табиғи: адамның өмір сүруіне қажетті табиғи жағдайлар (күн жылуы, ауа, ылғал және т.с.с), экономикалық: еңбек нәтижелері, өндіріс құралдары, өндірілген материалдық игіліктер; әлеуметтік-саяси, материалдық және идеологиялық қатынастарды қоса алғанда (бостандық, теңдік, әділеттілік және т.б.); этикалықдамгершілік, шыншылдық, уәдеге беріктік және т.б.); эстетикалық (әдемілік); ғылыми (ақиқаттылық) болып бөлінеді.