Жазық

lat: Jazyq

әдетте ауданы ауқымды, бірақ биіктік айырмалары шамалы жазықтық; егер биіктіктері бірнеше жүз метрге жететін болса, олар үлкен аумақта созылып жатады, сондықтан қатар орналасқан нүктелердің биіктігі бір-бірінен қатты ерекшеленбейді. Жер шарының барлық ірі жазықтары мұхиттық және континенталдық (материктік) тұғырнамаларда дамыған.