Ор

lat: Or

көлденең қимасы трапеция тәрізді және салыстырмалы түрде ұзындығы үлкен ашық кен қазбасы. Ордың бүйірлік беттері - жиектер, ал түбі табаны деп аталады. Ашық кен қазбасы кезінде күрделі, қималық және арнайы орлар болып бөлінеді. Күрделі орлар кен орнын ашуды қамтамасыз етеді, қималық орлар әрбір кертпештегі күрделі ордың жалғасы болып табылады; олар арқылы кертпеш жұмысының алғашқы кезеңі жасалады. Арнайы орларға су ағызатын және жер бетімен байланысты қамтамасыз ететін қосалқы орлар жатады.