ТІЛ

lat: TİL

Адамдардың бір-бірімен қатынас жасайтын, пікір алысып өз ара түсінетін құралы. Тілді, көбіне, сөйлеу тілі магынасында түсінеміз. Жер жүзіндегі халықтар тілдерін топқа, семьяға қарап бөлу, таптастыру бар. Жер жүзіндегі тілдерді морфологиялық классификация бойынша түбір, агглютинативті, флективті тілдер деп жіктейді. Тіл дегеннің мағынасы өте кең. Қолдану роліне, кеңірек тарауына қарай: жалпы тіл деп жіктеледі. Өзінің құрылысы мен табиғаты жағынан тілдер: жалпы тілдер, арнай тілдер, аралас тілдер, мәдени тіл, халық тілі, ғылыми тіл, әдеби тіл болып айтылады.