РОД

lat: ROD

Бір сөзді екінші сөзден ажырататын сөздердің грамматикалық тобы, грамматикалық категориясы. Орыс тілінде үш түрлі род бар: мужской, женский және средний род. Қазақ тілінде род категориясы жоқ. Орыс тілінің ықпалымен Айтмұхаметова, Бекмұхаметов тәрізді фамилияларда, «комсомолец», «комсомолка» тәрізді кейбір сөздерде ғана род байқалады.