СӨЗ

lat: SÓZ

Сөз дыбыстың таңба мен мағынаның құранды бірлігі, тілдің негізгі единицасы. Өмірдегі алуан түрлі заттардың, әр қилы құбылыстардың бәрі де сөздермен аталады. Тілдердің бірінде сөздердің белгілі дәрежеде фонетикалық белгілері мен шектері болса (мәселен, орыс тілінде, ондай белгілер сөз екпіні және сөз соңында ұяң дауыссыздардың естілмеуі), кейбір тілде мұндай қасиеттер жоқ (мәселен, француз тілінде екпін болмайды). Тілдегі сөздердің бәрі мағынасы мен қызметіне, түріне қарай былайша жіктеледі: түбір сөз, шылау сөз, кірме сөз, күрделі сөз, қос сөз, біріккен сөз т.б.