Ард

lat: Ard

ұсыну, көрсету (ұстазына оқып беру). Бұл хадисті жеткізу жолдарының бірі. Шәкірт ұстазына жатқа немссе жазғанын оқып беруі яки біреу оқып ол тыңдап отыруы мүмкін. Сол сияқты ұстазы шәкірттің оқығанын жатқа білуі немесе жатқа білмеуі мүмкін. Осылай жеткізілген хадисті екінші біреуге айтатын кезде: «Пәлешеге оқып бердім немесе пәленшеге оқып беріп жатқан кезде естіп отырдым» - деп айтады. Осы жолмен жеткен риуаят сахих риуаят деп есептеледі.