Бұрыш

lat: Burysh

еленген ұннан қаймақ пен майға қамыр иленіп, 15-20 минут салқын жерге шығарылады. Салқындаған қамыр қалыңдығы 2 мм етіліп жайылады да, ені 4-5 см, ұзындығы 15-18 см етіп кесіледі. Жолақтың екі шетінен 5 мм қалдырылып, ұсақтап туралады да сәл-пәл қуырылған жаңғақ пен мейіз салынады. Жолақ бұрыштап оралады да майланған металл табаға салынады. Температурасы 220-240° С пеште аздап қызарғанша пісіріледі. Осы қамырдан мүйізшелер дайындауға да болады.