Жент

lat: Jent

тары жармасына май мен бал қосып жасалған тәтті қоспа; ұлттық тағам. Жент қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын, әрқашан дәмі мен нәрін сақтайтын, соған орай көшпелі халықтың дастарханынан сыйлы орын алған тағам. Аса кәделі дастархан дәмі. Жент шай дастарханына қойылады. Жент жасалатын негізгі өнім - сөк; а) диірменге тартылған немесе келіге салып түйіліп жармаланған сөкке тортасынан айырған сары май, қант, ірімшік ұнтағы, мейіз салынып араластырылады. Содан соң ыдысқа салып, беті тегістеледі де, салқын жерде сақталалы. ә) ақталған тарыны немесе оның талқанын қант, ұнтақталған ірімшік салып араластырып, содан соң қазанда қыздырылған жылқының майының үстіне салып, оттың табында араластырады. Жент маңды бойына сіңірген соң, оны ыдысқа салып салқын жерге қояды. Қарынға, бүйенге салынған женттің өзше тән дәмі мен хош иісі ұзақ сақталады. Қазіргі кезде жентті, ақталған тарыдан және оның талқанынан өнеркәсіп орындары да жасайды.