ЭКЮ

lat: Ekú

1) еуропа валюта жүйесіне (ЕВЖ) мүше елдер пайдаланған халықаралық есептік ақша бірлігі. ЭКЮ-дің дүниеге келуі (1979 ж.) Батыс Еуропадағы валюталық интеграцияның дамуына және Еуропа валюта жүйесінің доллардың билеп-төстеуіне европалық ұжымдық валютаны қарсы қоюға ұмтылуына байланысты болды. ЭКЮ жартылай алтынмен және доллармен, жартылай осы жүйеге қатысушы елдердің ұлттық валюталарымен қамтамасыз етілді. Оның құны, басқа елдер валютасына қарасты бағамы Еуропалық қоғамдастыққа кіретін «валюта қоржынымен» анықталады, ол «қоржында» көрініс тапқан валюталар құнына, үлесіне тәуелді. ЭКЮ неміс маркасына бағамы екі маркаға тең. Маастрихт келісімі негізінде ЭКЮ болашақта толық тәуелсіз валютаға айналуы тиіс. 2) XIII ғ. бастап шекілген ежелгі француз алтын және күміс тиын. 1834 жылы айналымнан алынған, бірақ оның атауы бесфранктық тиындарда сақталған.