АЗАМАТ

lat: AZAMAT

(ар. азамат عظمة)   

1. Айбындылық, ұлылық, адамгершілік.

2. Абырой, намыс.

3. Ауысп. Кісі, адам, ер-жігіт.

Айына ділдә беріп күзеттірді, Жүз азамат кетпепті қорғанынан («Бақтияр қиссасы». Бабалар сөзі. 9-том. 2004. 100 томдық).

Өлген екен қырық сегіз мың азамат , Тартты көп үй қайғы, қасірет, ғазауат («Әбуғалисина, Әбілхарис». Дастандар, 1990).

Сол азамат шаһар жаққа кетті шауып, Досымды тауар ма деп көрер бір күн («Бозжігіт». Ғашықнаме, 1976).

Хал тілім зарланып, қан қақсайды, Естіп өт: құлағың бар азаматым ! («Мешіт зары». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).