Ми

lat:

омыртқалы жануарлар ОНЖ-нің алдыңғы бөлімі. Адам мен жануарлар нерв жүйесінің ми сауытында орналасқан орталық бөлімі. Ол организмнің мінез-қылықтық реакциялары мен қызметін басқарып, организмнің сыртқы ортамен ара байланысын реттейді. Ми бассүйектің ми сауытында орналасады, алдыңғы немесе үлкен ми мен ми бағанына бөлінеді. Үлкен ми ұзын саймен оң жəне сол жарты шарларға бөлінеді. Жартышарлар беткейі сұр заттан құралған жабындымен қыртыспен бүркеледі, олардың ішінде қыртыс асты (базальдық) ядролар, нерв талшықтарынан түзілген ақ зат орналасады. Ми бағанында аралық ми, ортаңғы ми, артқы ми (көпір, мишық) жəне сопақша ми орналасады. Артқы ми мен сопақша миды ромб тəрізді ми деп атайды.