Ойлау

lat: Oılaý

сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мида қорытындылануы, талданып тұжырымдалуы, яғни жанама түрде ұғымдар арқылы бейнеленуі. Ойлау нəтижесінде сезім мүшелері арқылы алынған мəліметтер өңделеді. Жануарларға тек көрнекті-əрекеттік ойлау тəн. Ол заттардың қасиеттерін татып көру арқылы атқарылады.