Өт

lat: Ót

бауыр торшаларында толассыз түзіліп, азық (тамақ) құрамындағы майдың ыдырауын, сабындануын, эмульсиялануын жəне сіңуін қамтамасыз ететін сұйық секрет. Өт ішек қимылын да күшейтеді. Ол бауырлық жəне қапшықтық өт болып бөлінеді. Бауырлық өт сұйықтау, жасыл-сарғыш түсті, сілтілі реакциялы келеді де, ішек қуысына толассыз бөлініп отырады. Қапшықтық өт тұтқыр сарғыш-қоңыр, жасыл-көк түсті болады да, ішекке тек ас қорыту кезінде құйылады. Тəуелігіне адам 1,5-2 л, жылқы 6-7,2, ірі қара 7-9,5, қой-ешкі 1-1,5, ит 0,2-0,3 л өт бөледі.