Тұтынушылар

lat: Tutynýshylar

фотосинтез немесе хемосинтез жүргізетін түрлер (продуценттер) дайындаған, жинақтаған дайын органикалық заттармен қоректенетін организмдер. Олар өздері пайдаланатын қоректік заттарды қарапайым құрамына дейін ыдырата алмайды. Консументке адам мен барлық жануарлар, көптеген микроорганизмдер жатады. Өсімдік қоректі жануарлар 1-деңгейлі, ал жануар қоректілер 2-деңгейдегі үлкен консумент құрайды.