Вето

lat: Veto

Қазіргі заманғы мемлекеттердегі мемлекет басшысының немесе парламенттің жоғарғы палатасы төрағасының заң шығарушы орган немесе оның төменгі палатасы қабылдаған заңның күшіне енуін кейіндету құқығы. Вето құқығы кейбір халықаралық ұйымдарда да қолданылады. Мәселен, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде вето құқығы АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Қытайда бар.