ҚАБЫЛДАУ

lat: QABYLDAÝ

ақпарат алу және оны өзгертудің күрделі үдерісі, ойлаудың алғашқы кезеңі. Адамның көргенді, естігенді, сезінгенді түйсінуімен, сезінуімен байланысты. Көркемдік шығарманы қабылдау үдерісі оның мазмұнын жан толғанысымен сезіну деген сөз.