ҚОҢЫР

lat: QOŃYR

қазақ дәстүрлі сазының негізгі түсініктерінің бірі. 1. ойлы, терең, меңзей қараушы; 2. өмір туралы барлық түсініктер, кейде оның қиын сәттері, өткен өмір, осы сәт, болашақ туралы терең, ойлы, байсалды, шоғырланған шешім қабылдау сәтін көрсететін күй. Төкпе және шертпе дәстүрінде де кездеседі; 3. Еуропа сазындағы «лад» (саз) терминіне тең түсінік, ол үндестілік жағынан екіге бөлінеді: қоңыр және алақоңыр, олар минор мен мажорға сәйкес келеді; 4. ән айту мәдениетінде мәдениет реңктерін көрсету үшін қолданылады: жұмсақ, байсалды, әдемі дауыс, сабырлы ән, сабырлы әуен.