КЕЗЕҢ

lat: KEZEŃ

кішігірім аяқталған музыкалық құрылым, әртүрлі каданспен аяқталған екі сөйлемнің бірігуі. Кезең құрамындағы сөйлемдерге қарай қайталанатын немесе қайталанбайтын, симметриялық немесе симметриялық емес, бірәуенділік немесе үн ауысушылық болып бөлінеді.