Каско

lat: Kasko

көлік құралдарын (кемелер, ұшақтар, автомобильдер) сақтандыру кезінде қолданылатын сақтандыру түрі. Каско көлік құралының зақымдануынан немесе жойылуынан келген залалды өтеуді қарастырады да, жолаушылардың қаза табуына және олардың денсаулығына зиян келуіне, тасымалданып жатқан мүліктің зақымдануына байланысты сақтандыру жағдайының, үшінші тұлғалардың алдындағы жауапкершілігінің және т.б. нәтижесінде туындаған залал үшін сақтандырушының жауапкершілігін қамтымайды.