АҚЫЛ

lat: AQYL

адамдардың сана-сезімін, жан-қуаттары мен қасиеттерінің жағымды жақтарын көрсететін мағынасы кең психологиялық категория. Қазақтың психологиялық ой-пікір қалыптасу тарихында бұл ұғымға ақынжырауларымыз (Асан қайғы, Бұқар жырау, Шал ақын, Дулат т.б.) ерекше мән берген. Қазақ психологі М.Мұқановтың «Ақыл-ой өрісі» (Алматы, 1980) еңбегінде осы ұғымға терең психологиялық талдау берілген. Ғалым ақылдың кең мағынада қолданылатынын қостай келіп, оны интеллект ұғымымен байланыстырады. Сөйтіп ақыл сана ұғымы секілді логикалық тұрғыдан кең мағынада айтылатын неше-түрлі деңгейлері бар ұғым болып табылады. Қазақ халқы бұл жағдайда адамдарды ақылды, ақылсыз деп қысқаша бөліп қараған. Психология ғылымында ақыл көбінесе ойлау процесіменен тығыз байланысты. Соның ішін де продуктивті, нәтижелі ойлау дегенмен тоқайласады.