КӨЗҚАРАС

lat: KÓZQARAS

көз тастау, көз тігу. Көзқарас адамның, әлеуметтік топтың немесе тұтас қоғамның айналада болып жатқан үрдістерге және құбылыстарға қатысын айқындайтын дүниетанымдық категория. Көзқарас дүниетанымды құрайтын элементтердің бірі болып табылады және оның қалыптасуы білім мен тәрбие негізінде, өмір бойы үздіксіз үрдіс негізінде жүреді. Көзқарастың калыптасуы үшін философиялық, ғылыми, діни білімдердің және қоғамдағы үстем идеологияның әсері мол.