МӘН

lat: MÁN

іс-әрекет пен қарым-қатынастың бірлігі арқасында тұлғаның шындықтағы құбылыстарды жалпылай алуының нысаны. Мұнда жеке тұлға қоғамдық-тарихи тәжірибені, түрлі ұғымдар мен рөлдерді, құндылықтар мен нормаларды меңгеруге мүмкіндік алады. Олардың жекелеген мағынасын психикалық үрдістер (қабылдау, ес, ойлау, қиял т.б.) мен мінез-құлқының түрлі актілері арқылы бейнелеп отырады. Мұндайда нәрсенің мәнін меңгеруде адамның сөзді, формуланы, сызбаны, өрнекті, кестені және т.б. белгілерді пайдалануы ерекше маңызды болады.