ПАЙДАКҮНЕМДІК

lat: PAIDAKÚNEMDİK

адамдар арасында кездесетін мінездің қолайсыз бітістерінің бірі. Мұндай кісінің есілдерті ақша, қандай жолмен болса да бірді-біріне қосып пайда табу. Бұл, әсіресе нарықтық қатынас кезеңінде кең өріс алып отыр. Пайда қуған адам шыншыл да, принципшіл де, ержүрек те, өз парызына адал да бола алмайды. Пайдакүнемдік адамды ең аяулы сезімдерден отанға деген сүйіспеншіліктен, отбасындағы ауызбірліктен, ізгілік пен рухани тазалықтан, имандылық пен инабаттылықтан кісіні ада қылады. Оңдай адамның жан дүниесі жұтаң келеді, ішіп-жемей тек мал жиюға құмар, сараңдыққа бой ұрып, рухани өмірі жұтаң тартып, қуанышы, сүйініші азаятын болады. «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» дегендей, жастар пайдакүнем болмағандары мақұл.