САЛТ

lat: SALT

халықтың кәсіп, сенім, тіршілігіне байланысты қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын халықтық қасиеттің бір түрі. Салт заман уақытына орай жаңарып, қоғамдық болмыс ұстанымдарына бейімделіп отырады. Сондықтан салттың белгілі бір дәуірге тән сипаты басым. Әдеби тілде салт пен дәстүрдің ішкі айырмасы ескерілмей, көбінесе салт-дәстүр түріне бір ұғымда қолданылып жүр.