ТІЛЕК

lat: TİLEK

ықылас, ниет. Ниет қажеттілікті қанағаттандыру үшін әрекеттенуге және оған іштей ұмтылу. Ниеттің жүзеге асуы материалданған сипатта болады. Тілек адамның бір іс-әрекеті, ой-пікірді іске асыруға ниет білдіруі. Адам тілегі арқылы алға қойған мақсатын іске асыруға жоспар жасап, әрекетке бағыт-бағдар алады. Тілек іс-әрекеттің бастау бұлағы, Ол адамды қарекетке, ойға алған, алға қойған жоспарын іске асыруға бағыттаушы саналы әрекеттің ұйытқысы. Бұл жағдайда оның ісәрекет объектісі санасынан орын алып қана коймайды, оны іске асырудың мүмкіндік жолдары да айқындала түседі.