Қарыз

lat: Qaryz

жеке, заңи тұлғалар мен мемлекеттің қайтарма негізде және белгілі бір мерзімге ақшалай қаражат алуы. Қарыз пайызынсыз, жеңілдікті қарыз және коммерциялық шартқа негізделген қарыз, сондай-ақ ішкі және сыртқы қарыз түрлеріне бөлінеді. Қарыз мемлекеттің экономикалык саясатында кең пайдаланылады; мемлекеттің жеке және заңи тұлғалардан алған ішкі қарызы мемлекеттің ішкі борышын құрайды, мемлекет шетелден кредит алған жағдайда мемлекеттің сыртқы борышы құралады.