Ділмарлық

lat: Dilmarlyq

адам бойындағы ұнамсыз қасиет. Ділмарлық бір қарағанда тапқырлық пен шешендік қасиеттермен үндес болып көрінеді. Бірақ, бұл сырттай ғана ұқсастық. Өйткені, аз сөзді алтынға, көп сөзді көмірге балаған ата-бабамыз іске қатысы жоқ, мәнсіз сөз қуушылықты «ділмарлық» деп атап, оны адамның бойындағы ұнамсыз қылықтардың қатарына қосқан. Шешендікті ел қаншалықты қадір тұтса, ділмарлықты соншалықты шенеген. «Тілің мен жағыңа сүйеніп ділмарсына берме» деп, орынсыз сөйлеп, не нәрсеге болмасын килігетін адамды тыйып отырған.